ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ.
Қазіргі күні облыс аумағында қаңғыбас ит-мысықтарды күтіп ұстау "Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы"Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-3 шешім негізінде жүзеге асырылады. "Nur Otan" партиясы партиялық бақылау комиссияның мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттары қаңғыбас ит-мысықтарды жоюмен айналысатын аудандық ветеринарлық станцияға барып, биозарарсыздандыру орнымен танысып, бүгінгі күннің өекті мәселесі жөнінде тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, осы бағыттағы жұмыстар партиялық бақылау алынатындығын ескертті.
