ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ.
Партиялық бақылау аясында «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құрмашев, аудандық тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басшысы Ж.Ташуов партиялық бақылау комиссиясының мүшелері "Өнеге-Бисен-Сайқын" республикалық жолының 50-103 шақырымына күрделі жөндеу жүргізіп жатырған және осы шақырымдарды күтіп ұстауға жауапты мекеме "Ақжол құрылысы" ЖШС жұмыс жағдайымен танысты. Бұл мекемеде ауа-райының қолайсыз мезгілінде (қысқы, жаңбырлы кезеңдерде) жолды күтіп ұстауға5 автогрейдер, 8 тиегіш (погрузчик), 15 самосвал техникасы бар. Сондай-ақ, тайғақ кезінде жолға шашуға 600 тонна құмды-тұзды қоспасын дайындап қойған. Қажетті қоспа әлі де толуға, қысқыға толықтай дайынбыз дейді участок басшысы.
