ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ.
"Nur Otan" партиясының партиялық бақылау шарасы аясында аудан әкімінің орынбасары Б.Меңешов, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құрмашев, аудандық тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Ж.Ташуов Бисен ауылының 1 шақырымдық кірме жолы (мердігер: "Жайық-Сити" ЖШС) және републикалық Сайқын-Өнеге-Бисен жолының Өнеге ауылынан басталатын учаске бойынша күрделі жөндеу жүргізіп жатырған "Атырау жолдары" ЖШС өкілдерімен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Бақылау барысында жолды күтіп ұстау, жергілікті жерден күшін тарту, жолдың талапқа сай сапалы орындалуы қаралып, орын алған олқылықтар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
