ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ.
"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан орталығындағы нысандарды (мекемелер ғимараты) аралап, мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған қолайлы ортаның (пандус, шақыру қоңырауы, есіктер мен тиісті жарықтар т.б.) жай-күйімен танысты. Анықталған кемшіліктер бойынша оларды жою бағытында нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
