ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ.
"AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейрамбек Ибатов, партия филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуаналиев, комиссияның мүшелері және азық-түлік бағамын, жеткіліктілігін қадағалау бойынша құрылған мониторингтік топтың мүшелері аудан орталығындағы ірі нысандарды аралап шықты. Ауданға азық-түлік облыс орталығы немесе Ресейден келетіні белгілі. Сол себепті бағасы да әртүрлі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта облыс орталығы мен аудан арасындағы жол мәселесі мен рубльдің тұрақсыздығы бірқатар қиыншылықтар туғызуда. Дегенмен, оған қарамастан ауданның кәсіпкерлері тұрақты түрде азық-түлікті аудан жұртшылығына жеткізіп отыр. Бастысы ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі (күріш, ұн, қарақұмық, нан, рожки өнімі, сиыр еті, құс еті, сүт, айран, сүзбе, жұмыртқа, сары май, күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, секер, тұз) жеткілікті. Ал олардың бағасы жіті бақылауда екенін айта кету керек.

