ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА
"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары С. Займолдин, Сарбие ауылдық округінің әкімі Д.Бисебаев, «Құтты мекен» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы жөндеуден өтіп жатырған "Сапаққөл орта мектебінің" жөндеу жұмыстарымен танысты. Бақылау барысында мердігер компанияның жөндеу жұмыстарының баяу жүріп жатырғандығы туралы сын ескертпе берілді. Комиссия мүшелері тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжатта көрсетілген материалдардың нормативін сақтауды атап өтті. Күрделі жөндеуден өтіп жатырған "Жекенді дәрігерлік амбулаториясы" жұмысымен таныса отыра жергілікті жерден жұмысшылар санын арттыру керектігін атап өтті. Сапар барысында "Жасыл ел" жасақшыларымен де кездесу өткізіп, әңгіме барысында туған ауылы үшін еңбек ету әрбір азаматтың міндеті екенін тілге тиек етті...
