ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ӨТТІ
ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында, Атамекен ауылының кіре-беріс жолына жүргізіліп жатырған автокөлік жолының жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау шарасы ұйымдастырылды.
Аталған шараға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Л.Жұбанышқалиева, маслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ж.Бисенгалиева, партия жанындағы «Өңірлік дамуы» жөніндегі кеңес мүшесі Ж.Балыков және аудандық тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Ташимов қатысты.
Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «АнушҚұрылыс» ЖШС-і болып анықталған. Жөнделетін автобильдік жолдың ұзындығы 18 шақырым. Құрылыс қарқыны жақсы жүріп жатыр. Келісім шарт бойынша жұмыстар 2021-2022 жылдарға қарастырылған.
