ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТӨҢКЕРІСТЕ
Төнкеріс ауылының тұрғындарының бейнежазбасы бойынша.
1 сәуір күні Аудандық "AMANAT" партиясының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ә.Нұрғалиев, партия филиалының атқарушы хатшысы М.Ибраев, аудан әкімінің орынбасары А.Тугузбаев, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Досанов және аудандық орталық ауруханамының директоры З.Мағзомов барып тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында барлық бейнежазбада көтерілген мәселелерді түсіндіріп айтылды. 1. Ауылға кіреберіс жол мәселесі бойынша (12 км) биыл осы жол бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарды жасау үшін ақша бөлінеді және жылдың аяғына дейін осы жұмыстарды бітіреді. Содан кейін ақша бөлінсе күрделі жөндеу жұмыстары басьалады.
2. Ауыз су мәселесі бойынша. Ауылға 2005 жылы "Таза су" бағдарлмасымен ауылға су құбырлары өткізілді, сол кезде колонкалар қойылды. Қазіргі уақытта судың дебеті ащайып қалды. Сондықтан биыл ауылға су құбырын қайта жөндеу және су көздерің қарастыру жұмыстары басталады.
3. Ауылға қосымша бір медбике беру бойынша. Қазіргі уақытта ауылда бір медбике жұмыстануда бірақта ол жеткіліксіз сондықтан тағы бір штат беру мәселесін қарастырып жатыр, алайда келушілер болмай жатыр. Алдағы уақытта қарастырамыз-деді З.Мағозомов.
Ауыл тұрғындары келгендерге рахмет айтып. Және осы айтылғандар бойынша нәтиже күтетіндігін айтты.
