ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ПОСТЫ АШЫЛДЫ
Бүгін «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аудандық жол картасының 25,31,37 тармақтарына сәйкес Еңбекші ауылына таза ауыз су құбырын тарту,«Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен» автожолдын 2-27 шақырым арасындағы орташа жөндеу және Қамысты ауылына кірме жолынының жұмыстарын іске асыру мақсатында партия жанынан аудандық партиялық бақылау посттары құрылды. Құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін партиялық бақылау посты мүшелері үнемі бақылау шараларын жүргізетін болады. #AMANAT
