Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының 2021 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде екі сұрақ қаралды олар: 1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Дархан Убайтжановтың баяндамасы тыңдалды. 2. Аудан көлеміндегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйі туралы Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Болатбек Шағалбаевтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамашылардың мәліметінше қазіргі таңда ауданда 19 түрлі негізгі азық-түлік түрлерінің бағасын тұрақты ұстау мақсатында 93 азық-түлік дүкен иелерімен меморондумға отырылған. Қазіргі таңда аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі көбейіп келе жатқандығы және сақтық шараларын қатаң сақтау керектігі туралы айтылды. Комиссия мүшелері оқу орындары және сауда орындарына барып санитарлық нормаларды сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстарын айтты.

0
0
126

Еще по теме

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Yvision.kz