ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ
Мәртөк ауданында жұмыспен қамту мәселелерін шешу мақсатында ағымдағы жылға 2737 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету жоспарланған. 2020 жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарының орындалуы 107,2% немесе 2948 адамды құрап отыр. Осы туралы және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аудан көлемінде жүзеге асырылуы барысын партиялық бақылау комиссиясының отырысыда жұмыспен қамту орталығының директоры- А.М.Баубекова баяндады.
