Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Хромтау аудандық «Nur Otan» партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі бірінші

сұрақ бойынша бас дәрігердің әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің орынбасары Дускеева З.А. пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне қосымша үстемақы төлеуі туралы баяндады.. Хромтау ауданы бойынша 2020 жылдың наурыз-қыркүйек айларында COVID-19 короновирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы барлығы 55 642,8 тенге қаражат бөлінді.Сәуір айында-1 010,8 тг, мамыр айында- 9 752,5тг, 1 маусымда-5 166,1тг, 30 маусымда-6 150,3тг, шілде айында-17 546,8 тг, 1 қыркүйекте-16 016,3 тг. Сонымен қатар , демеушілер тарапынан 4 оттегі концентраты табысталды.

Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Болатов Э.Б. мектеп оқушыларының копьютермен қамтылуы бойынша баяндады.Аудан бойынша барлығы 27 мектеп бар, 2 бастауыш мектеп,2 негізгі мектеп, 3 гимназия, 3 мектеп гимназия, 17 орта мектеп.2020-2021 оқу жылына аудан бойынша 8057 оқушы.Қашықтықтан оқитын 1-11 класс оқушылары қашықтан білім алуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жеңілдіктерге ие санаттар бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мемлекетік атаулы көмек алатын және табысы төмен, аз қамтылған отбасы балаларының да әлеуметтік –тұрмыстық жағдайлары зерттеліп, 10 мектептен 793 оқушыға республикалық бюджет есебінен -793, жергілікті және аудандық бюджет есебінен 760 оқушы компьютер және ноутбукпен қамтамасыз етіледі.Аудан бойынша интернетке 364 отбасы, оның ішінде мобильдік байланыс жүйесіне 118 модем симкасы мен 246 провайдер қажеттілікпен қамтамасыз етіліп, бүгінгі күні интернетжелісі қондырылу жұмысы жүріп жатыр.

0
0
151

Еще по теме

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ - Yvision.kz