ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері: «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Ордабасы аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Джумабеков, «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Бердімұрат, филиалдың сарапшысы, партиялық бақылау комиссиясының хатшысы Ж.Абдурасилов, филиалдың консультанты А.Ерімбетова, тағы басқалары «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы және «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Темірландағы ішкі көшелерде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.
Бүгінде «Karat-Z» ЖШС Қазыбек би көшесін абаттандыру жұмыстарымен айналысуда. Аталмыш мердігер мекемесінде 15 адам жұмыс істеуде.
Абаттандыру жұмыстарына жалпы құны 38 млн. 225 мың теңге қаралған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 34 млн 403 мың, облыстық бюджеттен 3 млн 822 мың теңге қаржыландырылды. Жолдың абаттандыру жұмыстары жүргізілетін аумағының жалпы ауданы — 800 шаршы метр.
Ішкі көшені абаттандыру барысында асфальт жабындысы, аяқжол төселеді, орындықтар (қоқыс жәшіктерімен) орнатылатын болады, бүгінде жарықтандыру құралдары орнатылған. Аталмыш нысан жыл соңында толығымен аяқталады деп күтілуде.
