Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысын аудандық маслихаттың хатшысы, партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Ш.С.Дүйсенғалиева жүргізді. Комиссия отырысына «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.М.Даргужиев, аудан әкімінің орынбасары, партия филиалы жанындағы "Жер аманаты" аудандық комиссиясының төрағасы Е.А.Ахметов, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде бір мәселе қаралды:

1. 2022 жылы жер қатынастары саласындағы атқарылған жұмыстар және игерілмей жатырған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі туралы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.М.Тоқтаров хабарлама жасады. ,

Аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы жергілікті жауапты мекемелермен бірлесе отырып, ағымдағы жылы жер учаскелерін мақсатсыз пайдаланған 27 шаруа қожалығынан барлығы 17110 гектар жер учаскесін (жайылымдық – 12117 гектар, шабындық – 1800.0 гектар, егістік– 3155.0) анықтап, мемлекет меншігіне қайтарып отыр. Сонымен қатар 8 жер пайдаланушыға қатысты 5125 га ауылшаруашылығы жерлерін пайлаланудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізу үшін облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолдап отыр. Жалпы партия филиалы жанындағы комиссияның басты мақсаты пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару процесін қоғамға ашық ету немесе ел игілігі үшін тиімді де мақсатты пайдалануды жүзеге асыру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жүргізіле береді.

Комиссия төрайымы Ш.Дүйсенғалиева баяндамашыға хаттамалық тапсырмалар беріп, комиссия отырысын қорытындылады.

#АMANAT

#ЖерАМАНАТЫ

0
0
209

Еще по теме

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ - Yvision.kz