Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІНЕ БЕЛГІЛЕР ОРНАТЫЛДЫ.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске мақсатында аудандық жол картасының 71 тармағына сәйкес Хан ордасы ауылындағы визит орталық пен әкімшілік сәулет-мәдени құрылысы және Жәңгір атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары, Хан ордасы ауылдық Мәдениет үйінің күрделі жұмыстарының іске асуын бақылау мақсатында партия жанынан құрылған аудандық партиялық бақылау бекеттері партияның белгісі бар баннерлер орнатылды. Партиялық бақылау бекеті мүшелері құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін үнемі бақылау шараларын жүргізетін болады.

1. Визит орталықтың құрылысын бақылауға жауапты: Махимов Ғайса Темірболатұлы, аудандық мәслихат депутаты.

2. Жәңгір хан атындағы орта мектептің жөнделуін бақылауға жауапты: Түсіпқалиева Аягөз Сатқанғалиқызы, аудандық мәслихат депутаты

3. Мәдениет үйінің жөнделуін бақылауға жауапты: Елемесов Қуаныш Елеуұлы, партиялық бақылау комиссияның төрағасы

#АсхатОралов

#AmanatпартиясыБатысҚазақстаноблыстықфилиалы

0
0
286

Еще по теме

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІНЕ БЕЛГІЛЕР ОРНАТЫЛДЫ. - Yvision.kz