ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы Конакбай Сәттибаев партияның сайлауалды үгіт-насихат парақтарының талапқа сай,белгіленген орындарға жапсырылғандығына бақылау жүргізді. Үгіт-насихат парақтары 10 желтоқсан сағат 18:00 бастап жапсырылған болатын. Бақылау барысында арнайы парақтардың дұрыс әрі талапқа сай жапсырылғаны белгілі болды. Бақылау комиссиясы үгіт-насихат парағын жапсырушы ерікті жастармен жүздесіп барлық белгіленген орындарға парақтар рұқсатнама арқылы жапсырлу керек екендігін атап өтті. Аталған мәселе бойынша барлық орындардан заң шеңберінде келісімдер алынғаны анықталды. Ерікті жастар күнделікті жапсырылған парақтарды жаңалап, тексеріп отыратындықтарын айтады.
