ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ!
"Nur Otan" партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мырзабеков Насырбек Аябекұлы Шиелі кентінде салынып жатқан темір жол үсті арқылы өтетін автомобиль жолы көпірі құрылысының сапасына партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді! Көпір құрылысының жұмыстарын "Стандарт Ойл КЗО" ЖШС жүргізуде.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында Шиелі ауданы бойынша 21 жоба белгіленіп жүзеге асырылуда, оның ішінде 3 жобаның тапсырыс берушілері облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері болып табылады.
Жол картасы аясында құрылатын жұмыс орындарының жалпы саны 681 болса, оның 50 пайызы яғни, 341-і жұмыспен қамту орталығы арқылы қамтылуы тиіс. Бүгінгі күнге жұмыспен қамту орталығы арқылы 362 азамат жұмысқа жолданса, жұмыс беруші мердігер тарапынан 359 жұмысшы қабылданған. Оның ішінде жоғарыда аталған көпір құрылысында 120 жұмыс орны ашылған болса, жұмыспен қамту орталығы арқылы 60 жұмысшы жолданып, мердігер тарапынан жұмысқа қабылданған.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында Шиелі ауданында жүзеге асырылып жатқан 21 жобаның бүгінгі күнге 13-і аяқталып, обьектіні пайдалануға қабылдау актісінің негізінде «Жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасында» жобалар жабылған.
Партия тарапынан қалған жобалар бойынша да бақылау жұмыстары жалғаса беретін болады.
