«Партия жастары» атты айдар
Дәл бүгін көктемнің алғашқы күні «Nur Otan» партиясы үшін ерекше мәні бар маңызды күн. 1 наурыз «Nur Otan» партиясының құрылған күні, бүгінде 22 жыл толып отыр. «Nur Otan» еліміздің ең басты саяси күшіне айналған партия екені сөзсіз. Осы орайда біз ауданымыздың партия қатарындағы белсенді жастарды «Партия жастары» атты айдар арқылы сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Айдарымыздың келесі белсенді жасы Әбілқалым Айбек Мәмбетұлы. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Теректі ауданы Ғазал жас ақындар клубының төрағасы. 1. Дүниеге келген жерім: Теректі ауданы Ақжайық ауылы 2. Ең сүйікті шығармам: Көшпенділер Ілияс Есенберлин 3. Ең қызықты оқиға: 2019 жылы Қараша айында өткен республикалық жас ақындар мүшайрасындағы елдің түкпір түкпірінен келген жас ақындармен бас қосуымыз және сол мүшайраның өту кезі ерекше есте қалды. Өйткені ол мүшайра маған жаңа достарды тауып жас ақынның туындылары еселеп шабыттандырды. 4. Сүйікті ісім: Өлең жазу домбыра тарту, терме айту
