kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

«Партия жастары» атты айдар


Осы орайда біз ауданымыздың партия қатарындағы белсенді жастарды «Партия жастары» атты айдар арқылы сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Айдарымыздың алғашқы белсенді жасы Орынғалиев Үміткер Жұмакелдіұлы.
Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі қосымша білім беру педагогы.
1. Дүниеге келген жеріңіз: БҚО, Казталов ауданы, Көктерек ауылы
2. Ең сүйікті автор және шығармаңыз: Б.Соқпақбаев " Менің атым Қожа "
3. Ең қызықты оқиғаңыз: Қызық оқиға көп. Бірақ студент кезімде сабаққа асығып, қызметтік автобусқа мініп кеткенім бар.
4. Хоббиіңіз: Газет-журнал оқу, театрға бару, жақсылармен сұхбат құру.
5. 20 жылдан кейін өзіңізді қалай көресіз: Мүмкін, оқушылардың сүйікті мұғалімі болатын шығармын.
6. Сүйікті фильміңіз және неге: "Ағайынды" телехикаясы. Себебі бауырмалдыққа, сыйластыққа тәрбиелейді.
7. Мүмкіндік болса қандай тарихи тұлғамен жүздесер едіңіз: Елбасымен
8. Ең ойға сыйғысыз арманыңыз: Ұшқыш болу.
9. Сізді достарыңыз қалай атайды: Утя
10. Қандай тылсым күшке ие болғыңыз келеді? Неге?
Батылдық. Әлі де өзімді жігерлендіргім келеді.
Аудан көлемінде қандай партиялық жобаларға қатысып болмаса ауданның дамуы жолында қандай игі істер атқатып келеді:
"Теректідегі тебіреніс ", "Ұстаз жолы", "Әкім сағаты " жобаларының ұйымдастырушы-жүргізушісі.