Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯ ҚҰРАМЫ ТОЛЫҚТЫ

Бүгін еліміздің Тұңғыш президенті Елбасы күніне орай партияның аудандық филиалында партияға салтанатты қабылдау рәсімі болып өтті. Рәсімге аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы мен штаб мүшесі Таңатбаев Сауранбек Жанқашұлы қатысты. Қуатбек Сағымбекұлы партия мүшелігіне өткендерге партиялық билеттер табысталып, үлкен жауапкершілік артылатынын түсіндірді. Сауранбек Жанқашұлы Елбасының партияның кезектен тыс ХХ съезінде айтқан «Партияға мүшелік – бұл басымдық емес, қоғам алдындағы міндет» - деген сөзін негізге ала отырып, партияға мүшелікке қабылданғандардың алда атқарар жұмыстарына табыстар тіледі. Сондай-ақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтың сенімі мен саяси көшбасшылыққа ие партияның жұмысына құрғақ сөз бен жалған уәде емес, нақты іс негіз бола алады.» - деген сөзін еске салды.

#BIRINShI

Еще по теме

ПАРТИЯ ҚҰРАМЫ ТОЛЫҚТЫ - Yvision.kz