Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №1. БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК

Отбасы – партиямыздың басты құндылықтарының бірі. Отбасын қолдау және нығайту – еліміздің табысты дамуының кепілі.

Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады.

Біз отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеміз.

Инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізіледі. Осы мақсатқа 3 триллионнан астам теңге бөлінеді.

Экономиканың өсу сапасының негізгі көрсеткіші ретінде қазақстандықтардың табысы мен өмір сүру деңгейінің артуы қарастырылады.

Азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарын табысы жоғары қандай құралдарға салу керегін өзі шешетін болады.

Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау процестері цифрландырылады, азаматтың цифрлық «әлеуметтік әмияны» енгізіледі. Бұл өтінімдердің берілуін жеңілдетіп, көмекті тағайындау айқындылығын қамтамасыз етеді.

Біз тұтынушылық несиелер бойынша шекті ставкаларды төмендетуді, несиелік ұйымдардың жауапкершілігін күшейтуді қолдаймыз.

Қазақстандық отбасылардың (көп балалы, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған) экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, отбасылық жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылданады.

Азаматтарды әлеуметтік қолдаудың барлық шараларының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін бірыңғай Әлеуметтік кодекс әзірленеді.

0
0
126

Еще по теме

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №1. БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК - Yvision.kz