ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №1. БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК
Біз – жас ұлтпыз. Еліміздің әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған. Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мүмкіндігі болуы тиіс. «Jas Otan» жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға» бағдарламасын әзірледі, онда жастардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша 100 нақты шара қамтылған. «Nur Otan» партиясы алға қойылған міндеттерді іске асыруға жәрдемдеседі.
