Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА.

ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес бүгін партия мүшелері мен белсенділері «Мырзакент» автобекетінде болды. Ауданаралық және ауданішілік бағыттарға қатынайтын жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын жеңіл көліктер мен микроавтобустардағы санитарлық, техникалық талаптардың сақталуымен, автобекеттің жұмысымен танысты.

Жүргізушілермен, жолаушылармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сұрақтарына жауап берді.

Өз кезегінде «Nur Otan»-дықтар шағын және орта бизнес саласының дамуына жасалып жатқан мемлекеттік қамқорлықтар мен нәтижелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Автокөлік жолдары мен ішкі көшелердің жөнделуі, тұрғындардың қолайлы жағдайда жүріп-тұруына жасалап жатқан ілкімді істерге тоқталды.

0
0
101

Еще по теме

ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА. - Yvision.kz