Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ!

Бүгін аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен өткен арнайы іс-шарада 2020-2021 аралығында өткен ҚР Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі депутаттарындағы сайлау науқанында "Nur Otan" партиясының жеңіске жетуіне мұрындық болған аудандық штаб мүшелеріне, жасотандықтарға, сенімді өкілдерге Елбасының "Алғыс" хаты табысталды. Сайлау науқанында штаб басшысы қызметінде болған Еркебаев Қуатбек Сағымбек әрбір партия мүшесінің атқарған еңбектерінің жемісі зор екендігін алға тартып, марапаттарды табыстады. Партия мүшелеріне өз тараптарынан Елбасыға алғыстарын жеткізді. Агитация кезеңінде 1 ай көлемінде күні-түні қызмет атқарған жасотандықтар партияға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, үлкен аға буын өкілдері партия нақты істердің партиясы екендігін және партияның сайлауалды бағдарламасы еліміздің өркендеуіне үлкен септігін тигізетіндігін атап өтті. "Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!"

0
0
221

Еще по теме

ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ! - Yvision.kz