ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Жиын барысында сайлаушыларға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы, алдағы бес жылдық жұмыс жоспары баяндалды.
"SHYMKENT TEMIR" ЖШС 2017 жылы құрылған, қаламыздағы металл өнімдерін өндіретін жетекші кәсіпорын. Аталмыш мекеме 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпорын қызметкерлерін алдағы сайлауда белсенді атсалысуға шақырған кандидаттар, бұның әр азаматтың болашағы үшін маңыздылығын жеткізді.
