ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін, Күршім аудан әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-де сайлауалды штабында белсенділік танытқан, Саяси науқан кезеңінде партиямыздың алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға үлес қосқан бірқатар белсенді азаматтары “Nur Otan” партиясының Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Салтанатты жиынды ашқан Күршім аудандық мәслихат хатшысы Мамырбек Қалелов осы жолғы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлаушылардың партияға деген сенімі арта түскені анық байқалғанын атап өтті. Осылай деген ол, сайлау кезінде белсенділігімен көзге түскен жерлестерімізге партия Төрағасының, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын табыс етті. "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, "Nur Otan" партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін
