Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

2021 жылдың 10-қаңтарында ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы өтіп, онда Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрағалық ететін “Nur Otan” партиясы басым дауыспен жеңіске жеткені белгілі. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында нұротандықтардың ел азаматтарымен бірлесе қол жеткізген бұл жеңісінің халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің орнықты дамуы үшін маңызы ерекше.

Саяси науқан кезеңінде партиямыздың алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға үлес қосқан бірқатар белсенді азаматтар бүгін “Nur Otan” партиясының Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» аудандық сайлауалды штабының басшысы Ерғали Қарымсақов марапаттап, отбасыларына зор денсаулық, амандық, бақ-береке, қызметтеріне табыстар тіледі.

0
0
135

Еще по теме

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ - Yvision.kz