ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Ақтау қаласында 12 балалар алаңшасы мен 7 спорт алаңшасы жүзеге асыру жоспарланды.
Қазіргі таңда жұмыстар уақытылы жасалып жатыр. Құрылыс барысымен танысу әрі сапасын қадағалау мақсатында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов, Партиялық бақылау комиссиясы және Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай салынып жатқан алаңшаларға арнайы барды.
12-шағынауданы 42-үйінің алдындағы балалар алаңшасында құрылыс жұмыстары жалғасуда, ал спорт алаңшасы пайдалануға берілген.
Құрылыс жағдайымен танысқан соң бақылаушы азаматтар шағынаудан тұрғындарымен тілдесіп, талап-тілектерін тыңдады. Өзін Қайырлы Беркенов деп таныстырған азамат, 22 жылдан бері осы үйде тұратынын жеткізіп, жаңа алаңшаның салынып жатқанына қуанышты екенін айтты. Балалар алаңшасының жанындағы топырақтар алаңшаға өтіп, бүлдірмес үшін тегістеу, алаңшаға жақын жолға жол кедергісін орнату және үйдің айналасын көгалдандыруға сырттан су құбырын өткізіп беруін сұрады. Қала әкімі кедергі орнататылатынын айтып, алаңшаның құрылыс жұмыстары әлі толық аяқталмағанын алға тартты. Өтініштер ескерілетін болады. Ал су құбырын сыртқа өткізіп беру келесі жылы шешімін таппақ.


