ПАРТИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖЕТЕ ТАНЫСТЫРЫЛУДА
Қарашаның 25 жұлдызы күні өткен «Nur Otan» партиясының ХХ съезінде аталған ұйымның сайлауалды бағдарламасы қабылданған болатын. Қазіргі таңда «нұротандықтар» осынау бағдарламаны жерде-жерде халыққа кеңінен таныстыруда. Осындай шара бүгін Шардара қаласында, Жаушықұм және Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде болып өтті.
Шара барысында партия ардагері, ұзақ жылдар партия филиалын басқарған, қазіргі таңда аудандық ардагерлер кеңесіне жетекшілік жасап отырған Тоқсанбай Бердібеков пен кәсіпкер, «Хамит» АШӨК төрағасы Бақытжан Серманизовтар «Nur Otan» партиясының бағдарламасын тереңінен таныстырып өтті.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
