ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалында Тәуелсіздік мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында партияға жаңадан қабылданғандарға салтанатты түрде куәлік табыс етілді.
Шара барысында сөз алған аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ерғали Қарымсақов партияға жаңадан қабылданғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, партия оларға зор сенім артатынын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
