Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалында партияға мүшелерді қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада азаматтарға партиялық билеттерін табыстаған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Құрман мемлекетіміздің негізгі қозғаушы күші жастарға үлкен сенім артылып отырғанын айта келе, еліміздің айтулы мерекесі ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

Ол өз сөзінде: - Бүгіннен бастап ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін еліміздегі саяси жетекші «Nur Otan» партиясының қатарына кірдіңіздер. Бұл сіздердің өмірлеріңізге жаңаша серпін беріп, Елбасының саясатын жүргізіп отырған бірден-бір беделді партияның мүшесі болу – абыройлы міндет екеніне көздеріңіз жете түседі деп сенемін», – деп атап өтті .

Еще по теме

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ - Yvision.kz