Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТОЛЫҚТЫ

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесіне орай бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ғимаратында аталған сала қызметкерлерін партияға қабылдау рәсімі өтті. Жиынды партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов ашып, жүргізді.

«Жалпы ауыл шаруашылығының еліміздің экономикасында алар орны ерекше. Сол себепті де Елбасы бұл саланы ұдайы басты назарда ұстап, оның жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасап келеді. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын» арттыру атты Жолдауында да Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыруды алдымызға міндет етіп қойды. Соның ішінде еңбек өнімділігін және қайта өнделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейтуді және алдағы үш жыл ішінде аталған саланы дамытуға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырды. Осы мақсаттардың нәтижелі жүзеге асырылуына «Nur Otan» партиясы да тікелей мүдделі. Бүгінде Елбасының бастамасымен ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында да осы салаға цифрлы технологияларды енгізіп, білікті мамандар тартуды және қомақты қаржы бөлуді тапсырды. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, экономикамыздың дамуындағы негізгі сала ретінде қалыптасуына мол мүмкіндік береді. Осылайша Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемге тек шикізаттар мен минералды ресурстар экспорттайтын ел ретінде ғана емес, сондай-ақ сапалы, табиғи таза, дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін де шығаратын мемлекет ретінде де танылуын қамтамасыз етуді алдымызға мақсат етіп қойды. Бұл – бізді бәсекеге қабілетті, дамыған 30 елдің қатарына бастайтын маңызды қадам», - дей келе партия филиалының төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов ауыл шаруашылық қызметкерлерін партияға қабылдануымен құттықтап, партиялық билеттерін табыстады.

1
0
172

Еще по теме