ПАРТИЯ АРДАГЕРЛЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.
"Nur Otan" партиясының құрылған күнінде аудандық депутаттары, фракция мүшелері И.Құрмашев, Л.Қайырғалиева, Б.Джумагуловамен бірге "Nur Otan" партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған партия ардагерлері Б.Лұқпанов, А.Мақсотов, Т.Арыстанбековтердің отбасында болып айтулы мерекемен құттықтады. Ауыл үлкендерінің қызметтеріне ыстық алғысымызды білдіріп, атқарып жатырған жұмыстар мен партиялық өзгерістерді баяндады.
