ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
3 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев Казталов ауданында жұмыс сапарымен болды. Жұмыс сапары барысында аудандық филиалдың мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының актив отырысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, ауыл ақсақалдары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
