Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯҒА ЖАҢАДАН МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ.

Бүгін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы ғимаратында Елордасы - Нұрсұлтан қаласының туған күніне арналған "дөңгелек үстел" өтті. Шараға "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары И.Құрмашев, аудандық мәслихат хатшысы Л.Қайырғалиева, аудандық мұрағат директоры Қ.Елемесов, аудандық мәслихат депутаты Р.Құрманғазиев, ауыл жастары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

"Дөңгелек үстел" басына жиналғандар Елорданың еліміз үшін маңызы мен тарихы, Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың еңбегіне тоқталды.

Шара соңында жаңадан партияға мүшелікке қабылданған жастарға партиялық билеттер табыс етілді.

0
0
166

Еще по теме

ПАРТИЯҒА ЖАҢАДАН МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ. - Yvision.kz