Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯҒА ҚАБЫЛДАУ

"Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалы ғимаратында Тұңғыш Президент күніне орай партияға қабылдау рәсімі өтті. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Жолдасова партияға қабылданушыларға партиялық билетін табыстады.

Кездесу барысында С.Жолдасова Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ХХ съезіндегі сөзінен

"Еліміздегі басты саяси күшке айналып отырғанын көріп отырмыз. Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеді." деп айтқан сөзін жеткізіп, партия мүшелігіне өткен белсенділерге жиын барысында алдағы уақытта бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

0
0
124

Еще по теме

ПАРТИЯҒА ҚАБЫЛДАУ - Yvision.kz