Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ ҮМІТКЕР ШАРДАРАДА

«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер Мөлдір Бақытжанқызы бүгінгі Шардараға сапары барысында «Есіктен-есікке» шарасы бойынша тұрғындармен кездесіп, сұқбаттасты. Үміткер өзі барған әрбір шаңырақ иесін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Еще по теме

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ ҮМІТКЕР ШАРДАРАДА - Yvision.kz