ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР БЕРІК ОСПАНОВ GRAMAD САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Кездесуде Берік Серікұлы азаматтарды "Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Атап айтсақ, тұрғын үй мәселесі, медицина саласындағы кемшіліктер, үш ауысымды мектептер, инфрақұрылым, халықты жұмыспен қамту, жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Айта кетейік, бұл мәселелердің барлығы алдағы бес жылдықта толық шешімін табатын болады. "Nur Otan" партиясы осы мақсат жолында тынбай еңбек етуде. Жалпы, Берік Серікұлы қала тұрғындарына бейтаныс емес, талай жылдар облыс басшылығында табысты еңбек етіп, жұртшылыққа танылған азамат. Кездесуде ұжым қызметкерлері депутатқа қаланың шеткі аудандарында газдандыру жүйесінің көңіл көншітпейтінін, қалада жол кептелісін азайту үшін жол айрықтар салыну қажеттігін жеткізді. Өз кезегінде Берік Серікұлы бұл мәселелер қаралып жатқандығын айтты. Кездесу соңында Берік Серікұлы ұжым қызметкерлеріне жұмыстарына сәттілік, толағай табыс тілеп, алдағы 10-қаңтардағы сайлауға қатысуға, жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырды.
