Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»

2019 жылдың 11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Шараға Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

1
0
254

Еще по теме

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!» - Yvision.kz