Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»

2019 жылдың 27 қараша күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысының «Мемсараптама» РМК Ақтобе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ұжымымен кездесу өткізді.

Шараға департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының АМІЖ бас маманы Е. Ерланұлы қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылықты қалыптастыру, мемлекеттік аппараттағы этика нормалары, қоғамдағы адалдық, мемлекеттік органдардың ашықтығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша жұмыстың маңыздылығы туралы баяндама оқыды.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

1
0
231

Еще по теме

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!» - Yvision.kz