Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»

2019 жылдың 23 тамыз күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері «Облыстық психикалық денсаулық орталығының» ұжымымен кездесу өткізді.

Шараға Департаменттің алдын-алу басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

1
0
309

Еще по теме