«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»
2019 жылдың 9 тамыз күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы мен бағынысты мекемелерінің ұжымдарымен кездесу өткізді.
Шараға Департаменттің алдын-алу басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
