«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»
2019 жылдың 11 шілде күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері БҚО бойынша Тексеру комиссиясы ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.
Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
