«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»
2019 жылдың 27-28 маусым күндері Батыс Қазақстан облысы бойынша «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері «ҚР Ұлттық банкі» БҚФ-ның, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен бағынысты мекемелерінің(облыстық және аудандық спорт мектептері) және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметініңұжымдарымен кездесуін өткізді.
Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
