Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»

2019 жылдың 14 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Орал қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының және Орал қаласының №2 сотының ұжымымен кездесу өткізді.

Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

1
0
362

Еще по теме