«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»
«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Орал обаға қарсы күрес» станциясы РММ ұжымымен кезекті кездесуін өткізді. Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
