«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»
2019 жылдың 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.
Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
