«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»
2019 жылдың 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.
Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының алға қойылған мақсаттары мен міндеттері туралы баяндады.
