«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»
2018 жылдың 30 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдітобының мүшелері және ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі А. Манкеев ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2029 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесуін өткізді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.
