Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ПАРАСАТТЫЛЫҚ» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылдың 25 шілде күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен «Атамекен» лагері базасында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында лагердің тәрбиеленушілері мен ұжымы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары О.Насимуллин, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Айтқалиева, Орал қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Б.Пайдина және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының профессоры М.Нұртазин қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негіздері түсіндіріліп, қызықты тренингтер өткізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың басшылары лагерь тәрбиеленушілерінің қойған сұрақтарына жауап беріп, балаларға тек адалдық, жақсылық, патриотизм жолымен жүруге кеңес берді.

Шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектепке қатысқаны туралы сертификаттар табыс етіліп, лагерь қонақтары мен қатысушылары кездесуді лагерьдің гимнімен аяқтады.

1
0
618

Еще по теме

«ПАРАСАТТЫЛЫҚ» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨТКІЗІЛДІ - Yvision.kz